Сейсенбі, 31 наурыз, 22:19

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№23 (2235)
31.03.2026
PDF мұрағаты

Қызылордада «Restart» жобасының алғашқы көшпелі эко-сенбілігі өтті

31.03.2026

48 0

Фото: Қызылорда қаласының әкімдігі

Экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, қалдықтарды бөлек жинау қағидаларын ілгерілетуге және жастар арасында тұрақты экологиялық тәжірибелерді дамытуға бағытталған «ReStart» жобасы аясында Қызылорда қаласында эко-сенбілік өтті.

Бұл жобаны «Жасыл экономика» және G-Global-ды дамыту коалициясы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мен CCİ Kazakhstan қолдауымен жүзеге асыруда. Аталған көшпелі эко-сенбілік еліміздің 10 өңірін қамтымақ.

Қызылордада «Restart» жобасының алғашқы көшпелі эко-сенбілігі өтті

Сенбілікке қала әкімдігі мен «Жасыл экономика» және G-Global-ды дамыту коалициясының өкілдері, белсенді жастар, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің ерікті студенттері жұмылды. Экологиялық акцияға қатысушылар Самара-Шымкент автожолы бойындағы жасыл белдеу аумағын тазартып, Zero Waste қағидалары және пластикті сұрыптау ережелерімен танысты.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: