Дүйсенбі, 15 қыркүйек, 19:24

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№69,2182
13.09.2025
PDF мұрағаты

Қызылордада рұқсатсыз қоқыс тасталған орындар саны 5 есе азайды

15.09.2025

41 0

Фото: Қызылорда облыстық Экология департаменті

Экология және табиғи ресурстар министрлігі мен «Қазақстан Ғарыш сапары» АҚ арасындағы меморандум аясында Қызылорда облысында космостық түсірілім арқылы рұқсатсыз қоқыс орындарын анықтау және тазарту жұмысы жалғасын тауып келеді, – деп хабарлайды KAZINFORM.


Облыстық Экология департаментінен мәлімдегендей, 2018 жылдан бастап «Қазақстан Ғарыш сапары» ұлттық компаниясының космостық түсірілімі нәтижесінде рұқсатсыз қоқыс орындары 5 есе азайды.

– Биыл 9 айда ғарыштық мониторинг арқылы рұқсатсыз қалдық төгілген 113 орын анықталды. Оны 100%-ға тазарту арқылы өңіріміз республикада 1-орынға шықты. Қызылорда қаласының 50 шақырымдық радиусы аумағында 2018 жылы – 240, 2019 жылы – 228, 2020 жылы – 136, 2021 жылы – 105, 2022 жылы 99 орын анықталды. Ал 2023 жылы 74, былтыр 120 орынға рұқсатсыз қалдық тасталғаны белгілі болды, – делінген хабарламада.

Департамент мамандары көрсеткіш жылдан-жылға азайып келе жатқанымен халықтың үйреншікті алаңдарға қоқыс тастауы тыйылмай тұрғанын атап өтті. Айта кетейік, осындай алаңдар санын азайту мақсатында облыс әкімінің қаулысымен 2015-2016 жылдар аралығында 145 елді мекенде тұрмыстық қатты қалдық полигондарын салу үшін жалпы аумағы 402 гектар жер учаскелері берілген.

Еске салсақ, елімізде жыл сайын 4,5 млн тоннадан астам коммуналдық қалдық жиналады, ал оларды қайта өңдеу деңгейі өткен жылы 25,8% болды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: