Сәрсенбі, 03 қыркүйек, 16:00

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№66, 2179
03.09.2025
PDF мұрағаты

Қызылордада шомылу маусымында 25 адам суға кетті

03.09.2025

56 0

Фото: СҚО ТЖД баспасөз қызметі

Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаменті шомылу маусымының жабылғанын мәлімдеді. Өкініштісі, суға түсу маусымы адам шығынынсыз өткен жоқ. 

Жыл басталғалы бері облыс аумағындағы су айдындарында 25 адам ажал құшты. Оның 11-і — бала. Қайғылы жағдайлардың басым бөлігі Қызылорда қаласы (9), Қармақшы (5) және Арал (3) аудандарында тіркелді. Өткен жылы 14 адам, оның ішінде 10 бала суға кетіп көз жұмды.

– Облыс аумағында ресми түрде бекітілген 7 жағажай бар болса, биыл соның тек 6-ы жұмыс істеді. Адам шығынының негізгі себебі қауіпсіздік ережелерін өрескел бұзудан болған. Ағысы жылдам, терең, жағасы тік жар өзен, каналдарға түсу, спирттік ішімдік ішіп шомылу тыйылмай тұр. Үлкендер балаларды көбіне бақылаусыз қалдырады. Жыл басынан бері су айдындарында қауіпсіздік қағидаларын бұзғаны немесе орындамағаны үшін 48 ата-анаға айыппұл салынды, –деді департаменттің басқарма бастығы Жандос Досымов.

Суға шомылуға тыйым салынған қауіпті су айдындарындағы 63 аймаққа 400-ге жуық ескерту тақтайшасы орнатылды. Департамент тарапынан 24 мобильді пост орнатылды.

Еске салсақ, жуырда Қонаев қаласында шомылу маусымы кезінде 30-ға жуық азаматтың өмірін сақтап қалған дәрігерлер мен құтқарушылар марапатталды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: