Сәрсенбі, 27 қараша, 16:35

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№94-2104
26.11.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада соңғы екі күнде отбасылық 6 той тоқтатылды

22.03.2021

2487 0

Қызылордада 20-21 наурыз күндері отбасылық 6 той тоқтатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған заң бұзушылықтар қала әкімдігінің жанынан құрылған мониторингтік топтың қалалық прокуратурамен бірлесіп жүргізген мониторинг жасау барысында анықталды.

«Қазіргі таңда Қызылорда облысы жасыл аймақта. Өңірде карантиндік талаптар жеңілдетілген. Дегенмен, бірқатар шектеулер әлі де жалғасады. Қызылорда облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің №4 қаулысына сәйкес, ойын-сауық іс-шараларын, көрмелерді, форумдарды, конференцияларды, сондай-ақ отбасылық, салтанатты, естелік іс-шараларды (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар) өткізуге болмайды. Оның ішінде үйде және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларды өткізуге, букмекерлік кеңселердің қызметіне, балаларды сауықтыру лагерлерінің қызметіне, мерекелік корпоративтерді ұйымдастыру мен өткізуге тыйым салынған», – деп мәлім етті Қызылорда қаласы әкімдігінен.

Карантин талаптардың сақталуын қадағалау бойынша мониторинг жұмыстары тұрақты жалғасын табады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: