Бейсенбі, 26 желтоқсан, 05:58

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада сотталғандар «Бір түп алма ағашы» драмалық қойылымын тамашалады

15.12.2022

886 0

«Баяғыда бір түп алма ағашы болыпты. Ол әбден жемісі көбейіп, үлкен болып өскен тұста: «Енді қожайыныма бұдан да көп алма берсем»  деп армандаған  екен. Бірақ  бұтақтары…»

Міне, осы аңызды арқау еткен Ә.Оразбековтің «Бір түп алма ағашы» драмасын жазасын өтеушілер де тамашалады. Бүгін Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД №60 мекемесінде Қоғамдық даму басқармасының Дін істер бөлімі мен Мәдениет және спорт басқармасының ұйымдастыруымен сотталғандарға облыстық Нартай Бекежанов атындағы қазақ академиялық музыкалық драма театры «Бір түп алма ағашы» атты драмалық қойылымын ұсынды.

Бұл драмада  бір жанұяның басынан өткен тағдыр суреттеледі. Әлеуметтік теңсіздік, қоғамдағы қайшы пікірлер, адамдар арасындағы ала ауыздық, ағайынды жандардың берекесінің ыдырауы шығармаға арқау болады.Қойылымда үлкен бір отбасының ұйтқысы Дәметкен деген ананың басынан өткен сан қилы тағдыр. Ұл-қыздарының бір шаңырақтың астына жиналып, мәмілеге келе алмай, қоғамдағы жауыр болған проблемаға шырмалуы, ар мен ұят алдындағы абыройдың құнсыздануы көрініс береді. Спектакльдің идеясы береке мен бірлікке, адалдық пен адамдыққа үндейді. Жақсыдан үйреніп, жамандықтан жиреніп жүруді үлгі етеді. Кез-келген қоғамдық, отбасылық мәселелер оң шешімін тауып, дер кезінде ақиқат ақталатын болса трагедияға жол жоқ екенін аңғартады.

– Бүгінгі өмір шындығын көрсеткен  қойылымнан керемет әсер алдым. Бес күн жалған өмірде, сыйластықпен өткізіп, ата-ананың қадірлеп, көңілдеріне қаяу түсірмеу керек. Оларды жалғыз қалдырмай, бір сәт көңіл бөліп, іздегенде жанынан табылу қажет. Мұндай сахналық қойылымның біз сияқты темір торға тоғытылғандарға берері мол. Шараны ұйымдастырушыларға алғысымыз шексіз»,- деді сотталған азамат.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: