Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 05:45

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада төтенше өрт қаупі сақталады

13.09.2022

698 0

Қазақстанның солтүстігі, солтүстік-батысы, шығысы мен оңтүстік-шығысы әлі де циклондық атмосфера фронттарының ықпалында болады, деп хабарлайды Қазгидромет.

Осының салдарынан солтүстік-батыста, батыста найзағай ойнап, жаңбыр жауады, түнде солтүстікте, шығыстың таулы аудандарында, оңтүстік-шығыста жауын-шашын (жаңбыр, дымқыл қар) болады.

Ел аумағында желдің күші 15-23 м/с жетеді. Күндіз батыста шаңды дауыл тұрады.

ҚР солтүстігінде, солтүстік-батысында, орталығында – түнде және таңертең тұман түседі.

Қызылорда, Түркістан облыстарының басым бөлігінде, Қарағанды облысының орталығында, Атырау облысының батысында төтенше өрт қаупі сақталады, Қостанай облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: