Қазақстан Халық партиясы Қызылорда облыстық филиалы жанындағы Әйелдер қанатының ұйымдастыруымен «Үйлесімді өмір формуласы: мансап, отбасы және тұлғалық даму» тақырыбында мазмұнды пікірталас алаңы өтті. Шараның өтуіне қолдау көрсеткен «ORDA» халықаралық жоғары колледжіне алғысымызды білдіреміз.

Кездесу кәсіби қызмет пен жеке өмір арасындағы үйлесімділікті табу, әйелдердің тұлғалық дамуы, өмірлік тепе-теңдікті сақтау және қоғамдағы белсенді рөлін нығайту мәселелеріне арналды. Пікірталас барысында мансаптық даму, отбасы құндылықтарын сақтау, уақытты тиімді басқару, күйзелісті еңсеру және өзін-өзі дамыту тақырыптары кеңінен талқыланды.

Іс-шараға қатысқан спикерлер өз өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, қатысушыларға құнды кеңестер ұсынды. Ашық диалог форматындағы кездесу жаңа ой түюге, тәжірибе алмасуға және пайдалы байланыстар орнатуға мүмкіндік берді.

Пікірталас алаңының спикерлері:
– Жусупбаева Дина Маратқызы – «АНА ҮЙІ» қоғамдық қоры Қызылорда облысы бойынша ресурстық орталықтың аймақтық маманы;
– Аймаханова Назира Кенжебекқызы – ҚР Психологиялық қауымдастығының мүшесі, психолог-тренер, ментор;
– Жұматаева Айгерім Сәденқызы – Сот сараптамалары институтының бас сарапшысы, көпбалалы ана;
– Арапбай Аружамал Әшібайқызы – №3 қалалық емхананың жалпы тәжірибелік дәрігері, «Еңбек майталманы» медалінің иегері.

Кездесу барысында Назира Аймаханова тарапынан ерекше қолдау көрсетіліп, 3 студентке жеке қабылдауына арналған сертификаттар табысталды. Бұл жас мамандарға кәсіби және тұлғалық дамуына жасалған маңызды қадам болды.

Шара барысында айтылған ойлар мен ұсыныстар әр қатысушыға жаңа шабыт беріп, кәсіби және жеке өмірді үйлестіруге бағытталған құнды тәжірибе сыйлады.
Қазақстан Халық партиясы жанындағы Әйелдер қанаты атынан барлық спикерлерге, қатысушыларға және ұйымдастырушыларға шынайы алғыс білдіреміз.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!