Сәрсенбі, 27 қараша, 02:23

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№94-2104
26.11.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада украиналық күріш сорттары сынақтан өткізілуде

25.07.2021

1057 0

Қызылорда облысының күріш өсірушілері алдағы уақытта Украинадағы әріптестерімен іскерлік байланыс орнататын болды.

Украина ұлттық аграрлық ғылымдар академиясының академигі Николай Безуглый бастаған делегация Сыр өңірінде болды. Қызылордалық әріптестерімен жүздесу барысында аграрлық саладағы және күріш өсіру бойынша әріптестік мүмкіндіктер талқыланды.

Шетелдік мамандардың айтуынша, Қызылорда облысы табиғи-климаттық жағдай бойынша Украинаның күріш өсіруші оңтүстік аймақтарымен ұқсас.

Ал Сыр өңірі еліміз бойынша күрішке қажеттіліктің 90%-ын қамтамасыз етеді. Соңғы жылдары жергілікті шаруалар рекордтық көрсеткішке қол жеткізіп келеді. Былтыр аймақта 500 мың тоннадан астам астық жиналды. Күріш өнімділігі гектарына 61,8 центнерді құрады. Сыр күріші әлемнің 10 еліне экспортталуда.

Былтыр Қызылорда облысынан Украинаға 5,8 мың тонна күріш жіберілді. Осылайша экспорт көлемі 1,6 млн долларды құрады. Биылғы жылдың 5 айында 1.5 млн. долларға бағаланған 4,4 мың тонна күріш шығарылды.

Өткен жылдан бастап Жалағаш ауданындағы «Ер-Әлі» шаруашылығында украиналық «Виконт», «Фагот» және «Премиум» сорттары сынамадан өткізді. Нәтижесі жаман емес. Күріш өнімділігі шамасымен гектарына 90 центнерден айналды. Биыл жаңа сұрыптар 160 гектар жерге отырғызылды.

Сыр өңіріне сапары барысында Николай Безуглый Украина күздік бидайды өсіру бойынша көшбасшы елдердің үштігінде екенін атап өтіп, бұл дақылды Қызылордада өсіруді ұсынды.

Еске салсақ, қазалылық диқан тамшылатып суару әдісімен мол өнім алды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: