Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысы Қазалы ауданының орталығы – Әйтеке би кентінде мұнай базасы аумағында жанармайы бар цистерна өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Аталған оқиға бүгін, 16 қыркүйекте сағат 13.16- да Қазалы ауданының орталығы – Әйтеке би кентіндегі мұнай базасында болған.
«Мұнай базасының аумағындағы теміржолда тұрған жанармай қалдығы бар цистерна өртенді. Жергілікті серіктестіктің біріне тиесілі цистернаның сыйымдылығы 65 тоннаны құрайды. Төтенше жағдайлар саласы мамандарының күшімен өрт 13.35-те сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда», – деді Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!