Қызылорда облысында жантүршілерлік жол-көлік апатынан бір адам көз жұмды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бүгін, 13 тамызда, Шиелі ауданында екі автокөліктің қатысуымен болған жол-көлік оқиғасы салдарынан бір адам қаза тауып, үш адам жарақат алды.
Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалып, оқиғаның мән-жайы анықталуда.
Полиция жолда жүру ережелерін қатаң сақтау керектігін ескертеді.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!