Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 07:49

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада жатырды жалға алу құны 2 млн теңге

07.02.2023

1077 0

Қазір елімізде құрсақ ана қызметіне сұраныс жылдан жылға артуда,- деп хабарлайды «Opennews.kz» ақпарат агенттігі.


Біздің қоғамда саудаланбаған дүние қалмағанда шығар. Десек те, ары мен тәнін сатқандардың легі бүгінде өз құрсағындағы сәбиін саудалағандарды да жиі естиміз. Алайда, сұранысы жоғары бағаланатын бұл сауданың түрі естіген құлаққа жағымсыз екені жасырын емес. Жатырын жалға беріп, бөтен отбасыға бала туып беретін аналардың гонорары қанша? Opennews.kz тілшісі «жалдамалы құрсақ» нарығын зерттеді.

Өзіміздің өңірде сауданың жаңа түрі қызу талқыланғаны соншалық Instagram әлеуметтік желісіндегі Komy_chto_orda парақшасына жарияланған хабар жаға ұстатты.


Қызылордалық белгісіз әйел 2 млн теңгеге суррогат ана іздейтіндігін жазған:

 СРОЧНО! Суррогат ана керек! Қызметіне 2 млн. Ай сайын 50 мың теңге төленеді. Құжаттар заңды рәсімделеді,- делінген жазбада. 
Бір балаға зәру болып құрсақ ана  іздеушілердің саны күннен күнге көбеюде. Жасанды ұрықтандырудың көмегіне жүгінседе сәтсіз аяқталып, үміттерін үзген әйелдер суррогат ананың қызметіне шарасыздан жүгінеді.  Елімізде бала асырап алушылардың саны статистика бойынша 1000-нан асады. Сонымен қатар бала асырап алушылардың қиындығын өз бас пайдасына пайдаланып қомақты қаржыға қарық боламын деушілердің саныда жетерлік. Тіпті шағын бизнес ашып, «бала асырап аламын» деген хабарламаларды әлеуметтік желіден арнайы іздеп отыратындарда бар. Ол аздық еткендей  жатырын «жалға» беретін қыз-келіншектер үшін арнайы сайтта үздіксіз қызмет етуде. 

Бірі балаға зар болса, енді бірі жаңа туған перзентін қоқыс алаңына тастап жатыр. Естеріңізде болса біздің ақпарат агенттігі  «Өз бетінше босанған әйел сәбиін пешке жағып жіберген» атты жариялыным жарық көрген болатын. 

Біреу балаға зар болып ана бақытын сезіне алмай жүрсе, енді бірі 9 айлық баласын 30 000 000 теңгеге бағалаған хабарландыруға тап болдық. Бұндай жаға ұстатарлық жаңалықтар елімізде өте көп.

Қызылордада жатырды жалға алу құны 2 млн теңге

Құрсақ ананың дінге еш қайшылығы жоқ деп жарты жыл сайын жатырын демалдырып, қайтадан жатырын «жалға» беретін құрсақ ана болудың шариғи үкімі:

Құрсақ ана (суррогат ана) әдіс бойынша ерлi-зайыптылардан алынған аталық ұрық пен аналық клетканы арнайы түтiкшелерде сырттай ұрықтандырып, құрсақ ана (суррогат) қызметiн ақылы немесе ақысыз түрде атқаруға ризашылығын бiлдiрген бөтен әйелдiң жатырына салады. Мұндай жолмен бала табуға шариғатта рұқсат жоқ, – дейді діндарлар.
Демек дініміз бен санамызға жат батыстың теріс ағымы ұлттығымыздың тамырына балта шабуда. Әйел жатыры сауда-саттыққа, алыс-беріске жарамды мүбах заттардың санатына жатпайды делінген. Ал заң бойынша суррогат аналарға қойылатың талап қатаң. Тіпті өзге мемлекеттерде заңмен тыйым салынған.
Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы кодексінің 56-баптың талаптарына сәйкес, тапсырыс берушілерге өзінің тән саулығы,психикалық және репродуктивтік денсаулығы туралы медициналық қорытындыны ұсынуға міндетті.

Тапсырыс беруші ерлі-зайыптылардың ең басты талабы, құрсақ ана босанған соң баланы іздемеу қажет. Солардың бірі Алтынай

–    Саламатсыз ба?!
–    Саламатсыз ба?
–    Біз сізге хабарландыру бойынша хабарласып отыр едім. Суррогат ана ретінде.
–    Иә сұрай беріңіз.
–    Бұрын құрсақ ана болып көрдіңіз бе? Жасыңыз нешеде, отбасы бала-шағаңыз бар ма?
–    Ажырасқанмын. Екі балам бар, жасым 28-де. Бірінші рет суррогат ана болмақшымын.
–    Біздің басты талабымыз, медициналық тексерістен толық өтуіңіз қажет. Сонымен қатар, босанғаннан кейін баланы іздемейсіз.
–    Бәріне келісемін, бірақ тексерілу ақысын өздеріңіз төлейсіздер. 
–    Құны қанша болады?
–    Енді сайтта 10 000 000 мен  20 000 000 аралығын құрап отыр. Маған босану ақысы 7 000 000 теңге, ал айына 150 000 теңге бересіз, – деді жатырын жалға беруге келіскен ана.

Қалай десек те, суррогат ана үшін «жалдамалы жатыры» тиімді бизнеске айналған. Олардың қызмет құнын кез келген отбасының қалтасы көтере бермейтіндігі хақ. ЭКО арқылы эмбрион салудың өзі оңай ақша емес. Ал бір ұрықтандырғаннан «құрсақ ананың» бойына бала бітеді деген кепілдік те жоқ. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: