Жексенбі, 22 желтоқсан, 17:27

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада жерге орналастыру, геодезия және картография күні аталып өтті

14.03.2022

1533 0

Тәуелсіздікті алғашқы жылдарында еліміздің әкімшілік-аумақтығын ұйымдастыру, жер иелену, жерді пайдаланудың құқықтық мәртебесін бекіту, түрлі нысан салу үшін әртүрлі карта мен атластар құрастырудың жұмыстары Жерге орналастыру, геодезия және картография саласына жүктелді.

1991 жылы Казақ КСР Президентінің жарлығымен Қазақстан Республикасы жер қатынастары және жерге орналастыру мемлекеттік комитеті құрылды. Осы жылдан бастап өңірде арнайы кен орындарында алғашқы шаруа қожалықтары ұйымдастырыла бастады, ауыл шаруашылық кәсіпорындарының жерлерін трансформациялауға, жекешелендіруге және жекешелендіруге байланысты қайта бөлу бойынша жұмыстар жүргізілді. Нәтижесінде бизнестің жаңа түрлері, шағын кәсіпорындар, өндірістік кооперативтер, серіктестік құрылды. Жер реформасы басталғаннан бастап бүгінгі күнге дейін жер жұмыстарын басқару қызметі аталған жұмыстардың алдыңғы қатарында болды.

2016 жылдан бастам жерге орналастыру, геодезия және картография қызметтері Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің «Азаматтарға арналған үкімет» мемелекеттік корпорация құзыретілігіне өтті.

Бүгінгі таңда «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының Қызылорда облыстық филиалындаЖерге орналастыру, геодезия және картография саласы бойынша 107 азамат қызмет атқарады. Аталған мамандық иелерінің мерекесіне орай облыстық филиал мен Кәсіподақ ұйымы шара өткізді. Достық үйінде өткен шараға облыстық мәслихаттың хатшысы Наурызбай Байқадамов, филиал директоры Айнұр Тобаева сала мамандары мен ардагерлері қатысты.

Алдымен кеш қонақтары ғимарат фойесінде орналасқан Жерге орналастыру, геодезия және картография саласының құрал жабдықтары қойылған көрмемен танысты.

Мұнан соң облыстық мәслихаттың хатшысы Наурызбай Байқадамов сала қызметкерлері мен ардагерлерін төл мерекесімен құттықтап, 5 маманға «Алғыс хат» табыстады. Жалпы осы күні «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» басқарма төрағасы Әділ Қожыховтың «Алғыс хатымен» 5 қызметкер, Қызылорда қаласы әкімі Ғанибек Қазантаевтың «Алғыс хатымен» 22 қызметкер мен ардагер марапатталды. Сонымен қатар, Салалық кәсіподақ төс белгісін 5 адам кеудесіне тақты.

Бұдан әрі мерекелік шара концерттік бағдарламаға ұласып, әсем әннен шашу шашылды.

Kyzylorda-news.kz

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: