Қызылорда облысы Полиция департаментінің, Алматы қаласының Полиция департаментінің қызметкерлерімен және еріктілер қозғалысымен жүргізілген іздестіру шараларының нәтижесінде жоғалған Нұғманова Ділдә Мұсабекқызы Алматы қаласынан бүгін 3 сәуір күні Алматы уақыты бойынша сағат 22:30 шамасында табылды. Нұғманова Ділдә Әуезов аудандық полиция бөліміне жеткізілді. Қазіргі уақытта жасөспірімді Кәмелетке толмағандарды оңалту орталығына орналастыру мәселесі шешілуде. Полицейлер оқиғаның мән – жайын анықтауда.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!