Сейсенбі, 24 желтоқсан, 22:39

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада жолаушыдан 154 келі балық алынды

15.08.2022

883 0

      Браконьерлікті, биологиялық ресурстар объектілерінің заңсыз айналымын анықтау және жолын кесу мақсатында облыс көлемінде «Киік» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде деп хабарлайды Қызылорда облысы ПД баспасөз қызметі.

Қызылордада жолаушыдан 154 келі балық алынды

      Іс-шара барысында Қызылорда ҚПБ-ң Ақсай полиция бөлімінің қызметкерлері 11 тамыз күні сағат 05:30 шамасында Сырдария өзенінің сол жағалауында Арал – Қызылорда бағытында қатынайтын «Сетра» жолаушылар автобусын тоқтатты.

      Тексеру барысында  жолаушыдан қапшыққа салынған заңсыз ауланған 154 келі балық алынды. Ол ешбір құжатсыз ауланған заңсыз балықты сату мақсатында Қызылорда қаласына жеткізбекші болған. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Жолаушы полиция бөліміне жеткізіліп, одан ІІО келу туралы міндеттеме алынды. 

      Аталған дерек бойынша  Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 335-бабының 1-бөлігі (заңсыз балық аулау) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: