Шығынды есептеумен айналысқан арнайы комиссия осындай болжам айтып отыр.
Қаруланған бұзақылар тобы мемлекеттік маңызы бар 8 нысанға шабуыл жасап, ғимараттарды қиратып, өртеп жіберген болатын. Сонымен қатар 26 кәсіпкерлік нысан бүлініп, бизнес субьектілеріне келген шығын 400 миллион теңгеге жетіп қалды. Бұл ретте кәсіпкерлік және туризм басқармасына хабарласқандардың өтініші терең талданады. Қазіргі таңда тіршілікті қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Өңірдегі азық-түлік қорында тапшылық жоқ. 34 әлеуметтік дүкен қалыпты жұмысқа кіріскен. Тұрақтандыру қорының қоймасында мың жарым тоннаға жуық өнім сақтаулы. Қозғалысқа қажетті газ, бензин қорында да жетіспеушіліктер жоқ. Өңірде антитеррорлық шаралар жалғасуда. Полиция органдарына 365 азамат жеткізіліп, 54-іне қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Серік Ахмет, облыс әкімінің орынбасары:
– Олардан 3 атыс қару, 13 суық қару, 8 қалқан, 4 каска, 5 дубинка тәркіленді. 7 қаңтардан бері 1414 Call-орталығын аштық. Осы аралықта өңір азаматтарынан 4432 қоңырау түсті.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!