Жұма, 09 мамыр, 10:47

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№33, 2146
06.05.2025
PDF мұрағаты

Қызылордалық әжей құтқарушылардың көмегімен 90 жас мерейтойын атап өтті

09.03.2025

318 0

Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Қызылордада ТЖМ құтқарушылары арнайы шақыртумен көмекке келіп, мерейтойда күтпеген қонақ болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Облыс орталығында Әйтеке би көшесіндегі үйде тұратын 90 жасар әже өзінің туған күнің бірге тойлау үшін туыстарын күтіп отырған. Бірақ есікті ішінен жауып, өзі аша алмады. Туыстары пәтерге кіре алмай, құтқарушылардан көмек сұраған.

Оқиға орнына келген мамандар тез арада үш иінді баспалдақты орнатып, гидравликалық құралдың көмегімен екінші қабаттың терезесіндегі торды кесіп, пәтерге кірді. Есікті ашып, туыстарын кіргізді.

Әжей аталған жағдайдан зардап шеккен жоқ. Құтқарушылар есікті ашуға көмектесіп қана қоймай, әжені 90 жас мерейтойымен және Халықаралық әйелдер күнімен құттықтап, оған денсаулық пен ұзақ өмір тіледі, – деп жазылған министрліктің хабарламасында. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: