Сәрсенбі, 25 желтоқсан, 06:43

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Қызылордалық Бақтияр Оспанов бейбіт күннің батыры

30.12.2022

1383 0

Қызылордалық Бақтияр Оспанов бейбіт күннің батыры. Олай дейтін себебіміз ол бірнеше рет адам өмірін оқыс оқиғадан арашалап, көзсіз ерлік танытқан. Сондай оқиғалардың бірі – жақында ол көрші үйдегі тұрғындарды қызыл жалыннан аман алып қалды. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында БАҚ өкілдеріне  болған оқиғаны баяндап берді.

«Інімнің үйіне қонаққа барғанмын. Подъезге кіре бергенде мақта секілді бір заттың күйген иісі шықты. Баста мән бермедім. Қайтар кезде үйден шыға бергенде иістің өршігенін байқадым. Әйтеуір бір үйде оқыс жағдай орын алғаны белгілі болды. Содан інім екеуміз подъездегі барлық үйдің есігін қақтық. Ешкім ашпады. Сонда да тоқтатпадық. Содан бірінші қабаттағы көршінің есігін ұрып едім кішкене саңылаудан түтін шыға бастады. Тез арада өрт сөндірушілерді шақырып, әзер дегенде есікті аштық. Есікті аша бергеніміз сол еді үйден ер адам шықты. Жалғыз өзі екен. Иістен есеңгіреп қалса керек дер кезінде сыртқа алып шықтым. Газ құбырын жауып, өрт сөндірушілер жалынды өшіріп, бір апаттан аман қалдық. Мұның барлығы қас-қағым сәтте орын алды», – деді Бақтияр Оспанов.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: