Бейсенбі, 26 желтоқсан, 23:40

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Қызылордалық компания «Ұлы дала елі» брендінің жеңімпазы

08.12.2022

1072 0

Қызылордалық  «Асыл дән LTD» ЖШС Астана қаласында өткен «Ұлы дала елі» брендінің жеңімпазы атанды. Жыл сайын өткізілеттін ұлттық байқауға биыл 14 компания өтінім білдірген.

         Елордада өткен «Ұлы дала елі» ұлттық брендін иелену үшін жыл сайын еліміздің түкпір-түкпіріндегі мықты деген компаниялар сынға түседі. Биыл өзара сынға түскен 14 компанияның төртеуі үздік деп танылып, жеңімпаз атанды. Соның бірі – аймақта күріш ақтаумен айналысатын «Асыл дән LTD» ЖШС болып отыр.

         Ұлттық байқау үш кезеңде өткізілді. Алғашқы кезеңде өтінімдер қаралса, келесі кезеңде комиссия мүшелері өндіріс орнына барып, олардың жұмыс барысымен танысып, қызметін бағалады. Соңғы кезеңде онлайн дауыс беру арқылы «Ұлы дала елі» ортақ брендін пайдалану құқығын төрт компания алды.  Оның ішінде «Асыл дән LTD» ЖШС (күріш өнімдері), «МедиДез» ғылыми-өндірістік бірлестігі» ЖШС (эндоскоптар мен бал жабдықтарын зарарсыздандыру үшін дезинфекциялау ерітінділері, медициналық және тамақ өнеркәсібіне арналған дезинфекциялау құралдарын өндіру, тұрмыстық химия өндірісі), «Ультрастаб-Қазақстан» ЖШС (тоқылған геосинтетикалық бұйымдар өндірісі), «Сартаев» жеке кәсіпкерлігі (балық өнімдері, тұщы су шаяндарын өсіру) өндіріс ошағы бар.

– Біз күріш ақтаумен айналысамыз. «Ұлы дала елі» брендінің жеңімпазы болдық. Осындай республикалық деңгейдегі байқауға бірінші рет қатысып жатырмыз. Бұл – бізге өте үлкен марапат. Бұның барлығы ұжымымыздың арқасында. Үлкен жұмыс жасалды. Соның нәтижесін осындай жетістікке жетіп жатырмыз. Алдағы уақытта бұдан да жоғары байқауларға қатысып, нәтиже көрсетуді мақсат етіп отырмыз. 45 адамды жұмыспен қамтып отырмыз. Өнімнің 60 пайыздан астамын Украина, Тәжікстан, Қырғыстан, Ресей, Түркияға экспортқа шығарамыз. Әлі кеңейткіміз келеді. Сапа біз үшін бірінші орында. Қуаныштымыз. Ұйымдастырып жатқан «Атамекенге», дауыс беріп қолдаған халыққа алғысымызды білдіреміз. Бұл бізге стимул береді», – деді «Асыл дән LTD» ЖШС директоры Нұрлан Алдамдаров.

Республикалық байқаудың мақсаты – отандық компанияны ынталандыру және экспортқа шығаратын сапасы жоғары өнімдерді «Ұлы дала елі» ортақ брендімен таныстыру, шетелдегі танымалдылығын арттыру. «Ұлы дала елі» ортақ бренді Қазақстанның брендін халықаралық нарыққа шығарып отырған отандық үздік тауар өндірушілерге табысталады. Ал, байқауға қатысушылар

– экспорт көлемінің үлесі өнімнің бір түрінің жалпы өндірісі көлемінен 10%-дан кем емес болуы

– тауар өндіру, қызмет көрсетуде жергілікті қамту үлесі (кемінде 30%);

– халықаралық бизнес-қоғамдастықтарға мүше болу

– лицензия, рұқсат, патенттердің болуы

– халықаралық марапатар, дипломдардың болуы

– бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бойынша  қаржылай емес есептілікті жариялау тәжірибесінің болуы сынды талапқа сай болуы керек.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: