Сейсенбі, 17 маусым, 20:59

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№44, 2157
17.06.2025
PDF мұрағаты

Қызылордалық оқушылар «МЕНІҢ ӘКЕМ» республикалық байқауының жеңімпазы атанды

17.06.2025

93 0

16 маусым күні Тараз қаласында Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық университетінде «МЕНІҢ ӘКЕМ» республикалық шығармашылық байқауының марапаттау рәсімі өтті.
Бұл байқау – Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен «Ұждан» әлеуметтік-мәдени жобасы аясында ұйымдастырылды.
«Ұждан» жобасы – әке рөлін қоғамда насихаттап, отбасылық құндылықтарды дәріптеуге арналған. Жоба аясында подкасттар, сараптамалық сұхбаттар мен түрлі форматтағы тәрбиелік мәні бар контенттер жүзеге асырылып келеді.
«Менің әкем» байқауы – осы жобаның ең ірі бастамасына айналды.
Байқауға еліміздің түкпір-түкпірінен 2 000-ға жуық оқушы қатысып, өздерінің жүрекжарды шығармаларын жолдады. Әке бейнесін көркем сөзбен бейнелеп, ұлттық тәрбие мен адамгершілік құндылықтарды шынайы жеткізген оқушылардың ішінен үздіктер анықталып, Таразда арнайы марапатталды.
Қызылордалық оқушылар да жүлдегерлер қатарынан көрінді. Сыр өңірінен салтанатты кешке арнайы келген Жаңақорған ауданы Қожакент ауылы И.Әбдікәрімов атындағы №168 орта мектебінің 8-сынып оқушысы Кәусар Райымбек бірінші орынға, Қызылорда қаласы №101 Әли Мүсілімұлы атындағы мектеп-лицейінің 6-сынып оқушысы Диана Рахымбай Мұхтар Мағауин атындағы арнайы жүлдеге ие болды. Марапатты университет ректоры, профессор Сарыбеков Махметғали Нұрғалиұлы табыстады.
Сонымен қатар, Қызылорда қаласы № 10 мектеп-лицейдің 6 сынып оқушысы Ибрагим Ерболат мен Арал ауданы Қосжар ауылы №67 орта мектептің 6 сынып оқушысы Іңкәр Жеткергенова, Шиелі ауданы 1 Май ауылы №40 А.Қыраубаева атындағы орта мектептің 9 сынып оқушысы Назым Айтбаева үшінші орын еншілесе, Сырдария ауданы Тереңөзек кенті №35 И.Тоқтыбаев атындағы мектеп-лицейінің 9-сынып оқушысы Анель Серік Әбдіжәміл Нұрпейісов атындағы арнайы жүлдені алған болатын. Жүлделі орын иегерлері мен жетекшілеріне Оқу-ағарту министрлігінің дипломдары, алғыс хаттары берілді.

Қызылордалық оқушылар «МЕНІҢ ӘКЕМ» республикалық байқауының жеңімпазы атанды


Бұдан бөлек, әсерлі шығарма жазған 100 оқушыға Мәжіліс депутаттары Бақтықожа Ізмұхамбетов, Дәулет Мұқаев, Ринат Зайытов, Ерболат Саурықов, Тимур Қырықбаев, Айдос Сарым, Нартай Аралбайұлы және ақын-жазушылар Бауыржан Бабажанұлы, Олжас Сәндібек, Толқын Қабылша, Қанат Әбілқайыр жолдаған кітаптар мен құттықтаулар табысталды.
Байқауда ерекше атап өтуге тұрарлық бір туынды — жұмыс барысында жол апатынан қаза тапқан жамбылдық полиция қызметкері, “100 жаңа есім” жобасының жеңімпазы, Мерейлі отбасы байқауының финалисі, өзінің үш баласынан бөлек 8 баланы балалар үйінен асырап алған қамқор әке Ғалым Арыстанбаевтың баласы жазған шығарма болды. Әке туралы жан тебірентерлік туындысы үшін Нұрболат Ғалымұлы Қазбек ІІІ орын иеленіп, көпшіліктің жүрегін толқытты.
Бұл марапат – өмірден ерте озған әкенің аманатына деген құрмет ретінде қабылданды.
Сонымен қатар, Жамбыл облыстық мәслихатының депутаты Оралхан ДӘУІТ «ӘКЕЛЕР ОДАҒЫ» республикалық қоғамдық бірлестігінің атынан балалар мен отбасы тақырыбын ел көлемінде қолдағаны үшін Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінің ректоры
Сарыбеков Махметғали Нұрғалиұлына алғыс хат табыстады.
Кешке зиялы қауым өкілдері, ұстаздар мен ата-аналар, БАҚ өкілдері қатысты.
«Менің Әкем» байқауы әке тұлғасына деген құрметті ұлықтап қана қоймай, қазақ қоғамындағы ұрпақ тәрбиесінің терең мағынасы бар екендігін тағы бір мәрте дәлелдеді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: