Жексенбі, 08 маусым, 21:58

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№41 -2154
03.06.2025
PDF мұрағаты

Қызылордалық полицейлер сенбілікке шықты 

08.06.2025

52 0

Фото: Полиция департаменті

Қызылорда облысы Полиция департаментінің ұжымы жаппай сенбілікке шықты. 

Сенбілік жұмыстары аудандық полиция бөлімдерінде де ұйымдастырылды. Полиция бөліністерінің ғимараттары мен аулаларын қоқыстан тазалау, ғимараттардың алдыңғы темір шарбақтарын сырлау, ішкі қабырғалардың ластанған жерлерін ақтау жұмыстары жүргізілді.

«Тазалық – табалдырықтан басталады» демекші, тәртіп сақшылары бір кісідей атсалысып, тазалық жұмыстарын жүргізді.

Сонымен қатар көгалдандыру және абаттандыру жұмыстары да жүргізілді. Бірлескен әрі жұдырықтай жұмылып ұйымдастырылған жұмыстың нәтижесінде ғимараттар аумағы көркейіп, әсемдене түсті.

Осылайша, әрбір полицей қаламыздың тазалығына өз үлесін қосып, азаматтық ұстанымын білдірді.

Мұндай шаралардың ұжымдық жауапкершілік пен экологиялық мәдениетті қалыптастыруда маңызы зор.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: