Мемлекет басшысынан Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің студенті Ақжайық Тәжіге хат келді.
Ел Президентіхатында «Құрметті Ақжайық! Сенің жетістіктеріңе риза болдым. Еліміздің болашағы өзің сияқты белсенді әрі талапты жастардың қолында екені анық.
Мемлекет өскелең ұрпақтың білім алуына барлық жағдайды жасап келеді. Осы мүмкіндікті тиімді пайдаланып, көп оқып, тынбай іздену өте маңызды.
Оқуды жақсы бітіріп, мықты маман болуыңа және ел игілігіне қызмет етуіңе тілектеспін!» делінген.
Ақордадан келген Президенттің хаты мен сыйлығын студентке облыс әкімінің орынбасары Нұрымбет Сақтағанов тапсырды.
Айта кету керек, студент Ақжайық Тәжі Президенттің жастарға көрсетіліп отырған қолдауы үшін хат жазған. Мемлекет басшысының қолдауымен жүзеге асып жатқан жобалар нәтижесінде Ақжайық Тәжі халықаралық, республикалық деңгейдегі жетістіктерге қол жеткізген.
Облыс әкімінің орынбасары Нұрымбет Аманұлы студентке жарқын болашақ тіледі. Сондай-ақ Президенттің артқан үмітін ақтайтынына сенім білдірді.
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің
медиа орталығы
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!