Жұма, 27 желтоқсан, 07:32

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Қызылордалықтар электронды төлем тәсілін жиі пайдаланады

01.02.2023

732 0

«Қызылорда» автобус паркі» ЖШС қарасты үлкен сыймдылықтағы қоғамдық көліктерде жолақы төлемін электронды тәсіл арқылы пайдаланушылар артуда.

Цифрландыру күнделікті өміріміздің бір бөлшегіне айналып кеткені баршамызға аян. Қазіргі танда жолаушылардың 91 пайызы электронды түрде төлем жасаса, қалған 9 пайызы қолма-қол тәсілге жүгінуде.

Қызылордалық қоғамдық көліктерде электронды төлем жүйесі 2020 жылдың тамыз айынан бастап «Alempay» ЖШС-мен бірлесе жүзеге асуда. Сараланған тариф 2021 жылдың қаңтар айынан электронды түрде төлем 85 теңге, қолма-қол 90 теңге болып бекітілген.Жолаушылардың электронды түрде төлем жасауы бұл – көлеңкелі кәсіптің алдын алудың бірден-бір жолы. Бұл жолаушыларды тасымалдауда ыңғайлы және қаржы ағындарының ашықтығын қамтамасыз етеді, автопарктің кірісін арттырып, жолаушы тасымалдауда мәдениеттілікті қалыптастырып келеді.

Қызылордалықтарға қазіргі таңда электронды түрде төлем жасаудын 8 түрі ұсынылған. Олар: SMS, QR код, ұялы қосымша, көлік және банктік карталарды қолданатын ұялы байланыс операторлары арқылы. Арнайы Alempay карталары(ересектерге және оқушыларға арналған) арқылы төлем жасау тәсілі де қарастырылған. Картаны «Globus» бизнес орталығында орналасқан кеңсесінен сатып алуға болады.

”Қызылорда” автобус паркі” баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: