Наурыз – ұлттық дәстүр мен әдет-ғұрыпты жаңғыртып, қоғамдық құндылықтарды нығайтатын жалпыхалықтық мереке.
Осы орайда, Қызылорда облысының ішкі саясат басқармасына қарасты “Рухани жаңғыру” орталығы барша сырбойылықтарды “Ұлттық мерекеге ұлттық киіммен” атты этно-челенджді бастап, жыл сайын жаңғыртатын дәстүрге айналдыруды ұсынды.
«Ұлттық құндылықтарымызды дәріптеуді өзіңнен баста!» ұранымен өтетін этно-челленджге аймақтағы мекемелер, тұрғындар өз үлестерін қосуда.
Айта кету керек, Амал мерекесінен бастау алған Сыр өңіріндегі мерекелік шаралар салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптарды жаңғырту, қайырымдылық шаралары, ұлттық спорт түрлерін кеңінен насихаттау, балалар үшін басты мерекеге айналдыру, қоршаған ортаны қорғау, қолөнер туындыларына қаморлық жасау бағыттарын қамтиды. Ал негізгі ірі шаралар 21-22 наурыз күндері аралығында өткізіледі.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!