Жұма, 26 қыркүйек, 13:19

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№72, 2185
23.09.2025
PDF мұрағаты

Радиациялық қауіпсіздік: негіздері мен қорғаныс шаралары

26.09.2025

108 0

Радиациялық қауіпсіздік – бұл адамдарды, қоршаған ортаны және объектілерді иондаушы сәулеленудің зиянды әсерінен қорғауға бағытталған шаралар мен нормалардың жиынтығы.

Бұл әсіресе атом энергетикасы, медицина, өнеркәсіп және ғылыми зерттеулер сияқты салаларда өзекті.
Радиациялық қорғаудың келесідей түрлері бар:

  1. Экрандармен қорғау: стационарлық құрылғылар (кірпіш, барит бетон, қорғасын, қорғасынды шыны және т.б.); стационарлық емес (алжапқыштар, қолғаптар, жағалар және т. б.).
  2. Қашықтықтан қорғау.
  3. Уақытпен қорғау: зерттеу уақытын қысқарту, қызметкерлердің жұмыс уақытын қысқарту, зерттеу санын азайту.
    Қызылорда облысында иондаушы сәулелену көздерімен, радиоизотоптық аспаптармен, иондаушы сәуле шығаратын құрылғылармен жұмыс істейтін барлық объектілерде радиациялық қауіпсіздік қызметі немесе радиациялық қауіпсіздікке жауапты тұлға бұйрықпен тағайындалған. Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулықтар, ықтимал апаттардың алдын алу және жою жөніндегі нұсқаулық пен жоспар, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшелерімен келісілген радиациялық қауіпсіздік қызметі (жауапты адам) туралы ережелер және радиациялық бақылау жүргізу тәртібі әзірленген; «А» тобындағы персонал санатына жатқызылған қызметкерлерінің тізімі анықталып, бекітілген. «А» тобының персоналына 1655 адам енгізілген. Аталған топ персоналының жеке дозиметриялық бақылауы тоқсан сайын жүзеге асырылады.
    Өнеркәсіптік кәсіпорындардың «А» тобының персоналына орташа тиімді жеке доза жылына 0,3-1,5 мЗв артық болмауы керек, сәулелік диагностика және терапия кабинеттерінің персоналына жылына 1,0 -1,4 мЗв аспайды.
    Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2020 жылғы 15 қазандағы №ҚР ДСМ-131/2020 бұйрығы негізінде жұмысқа жіберілетін және сәулелену көздерімен тұрақты жұмыс істейтін қызметкерлер міндетті алдын ала және мерзімді медициналық тексеруден өтеді.
    Ережелерді сақтау, заманауи технологияларды қолдану және қоғамның хабардарлығын арттыру радиациялық тәуекелдерді тиімді төмендетуге мүмкіндік береді. Ең маңызды міндеттердің бірі – халық денсаулығы мен қоршаған орта объектілерін радиоактивті сәулеленудің әсерінен қорғауға бағытталған санитариялық-ағарту жұмыстарын уақтылы және сапалы жүргізу болып табылады. Облыстың емдеу мекемелері мен өнеркәсіптік кәсіпорындарында міндетті түрде «А» тобының персоналымен санитариялық қызмет мамандарымен радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және сақтау бойынша дәрістер тұрақты өткізіледі.
    Есепті мерзімде облыс аумағына радиациялық қауіпті тауарлар, өнімдер, жабдықтар әкелінген жоқ.

Ерлан Ұзақбаев
Қызылорда облысының СЭБД басшысының орынбасары

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: