Дүйсенбі, 25 қараша, 07:51

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

Рәміздер күніне арналған ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

03.06.2022

1111 0

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде ҚР Мемлекеттік рәміздерінің 30 жылдығына арналған «Мемлекеттік рәміздер – Тәуелсіздіктің символы» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Кездесуді Қызылорда облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Мира Қазбекова ашып, тәуелсіздігіміздің тұмарына айналған мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтады. Ал Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Әлеуметтік және тәрбие жұмыстары жөніндегі проректоры Жандос Базартай мемлекеттік рәміздерді ерекше қадірлеу қажеттігін айтып, оны кейінгі ұрпаққа насихаттаудың маңыздылығына тоқталды.


Шараға университеттің профессор-оқытушылары мен білім алушылары, зиялы қауым өкілдері қатысты. Конференция барысында қатысушылар ой-пікірлерін білдіріп, сауалдарға жауап берді.
«Мемлекеттік рәміздер – бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның ажырамас нышандарының бірі. Биыл еліміз өркениетті елдер шоғырында еңсесін биіктетіп, көк байрағын асқақ желбіреткен Қазақстан Республикасының рәміздеріне 30 жыл толып отыр. Еліміз тұғыры биік Туымен, айбынды Елтаңбасымен, асқақ Гимнімен әлемге танылды. Желбіреген көк Ту халық арманын асқақтатып, еліміздің рухын биікке көтереді. Елтаңба – берік шаңырақ және халық татулығын дәлелдесе, ата-бабамыздың ғасырлық арманын «Менің Қазақстаным» әні жеткізеді. Бұлар – Қазақстанның жаңа тарихының қастерлі беттері»,-деді «Тарих» кафедрасының аға оқытушысы, тарих ғылымдарының магистрі Аманкүл Әзірбекова.


Сонымен қатар, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің «Философия және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының профессоры, философия ғылымдарының докторы Баймырза Қожамберлиев, «Құқықтану» кафедрасының аға оқытушысы, заң ғылымдарының кандидаты Ақзада Мадалиева, «Философия және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының аға оқытушысы, философия ғылымдарының кандидаты Болат Апенов, «Сәулет және құрылыс өндірісі» кафедрасының аға оқытушысы, техника ғылымдарының кандидаты Нұрлыбек Келмағамбетов, «Тарих» кафедрасының аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі Бақытжан Ахметбек баяндама жасады.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: