Топ-баннер2

Жұма, 13 наурыз, 11:44

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№18 (2230)
07.03.2026
PDF мұрағаты

«Референдум – 2026»: Елдің маңызды саяси оқиғасы live форматта

13.03.2026

46 0

фото: kursiv.media

2026 жылдың 15 наурызында ауқымды медиажоба – «Референдум – 2026» онлайн марафоны өтеді. Марафон сағат 09:00-де басталып, түнгі 00:15-ке дейін жалғасады, – деп хабарлайды  kursiv.media

15 сағатқа созылатын тікелей эфир ел өміріндегі маңызды саяси оқиғаның барысын жан-жақты қамтып, референдум күнінің негізгі сәттерін, қоғам пікірі мен сарапшылар көзқарасын көрерменге жедел әрі заманауи форматта ұсынады.

Наурызнама онкүндігі аясында өтетін марафон –тек ақпараттық шара емес, қоғамдағы өзекті мәселелерді талқылайтын, жаңа идеялар мен технологиялық бастамаларды таныстыратын бірегей алаң. Іс-шараға саяси қайраткерлер, қоғамға танымал азаматтар, өз саласында табысқа жеткен мамандар, өнер мен мәдениет өкілдері және стартаперлер қатысып, ел дамуының маңызды бағыттары жөнінде пікір алмасады.

Жоба барысында көрермендер заманауи технологиялық шешімдер арқылы ұсынылатын ерекше көріністерді де тамашалай алады. Отандық өнертапқыштар жасаған роботтар бағдарлама жүргізуге қатысып, голограмма-шоу арқылы еліміздің соңғы жылдардағы жетістіктер шежіресі ұсынылады.

Марафон аясында 5 алаң жұмыс істейді. Сахнада қоғам қайраткерлері, өнертапқыштар, қайырымды ісімен танылған азаматтар өз ой-пікірлерін ортаға салып, концерттік бағдарлама ұсынылады. Сарапшылар мен қоғам өкілдерінің қатысуымен өзекті тақырыптарға арналған пікірталастар өтіп, инновациялық жобалар мен отандық стартаптар таныстырылады. Сонымен қатар марафон барысында қонақтармен блиц-сұхбаттар жүргізіліп, ел аймақтары мен шетелден тікелей қосылымдар ұйымдастырылады. 

Онлайн марафон республикалық және аймақтық бұқаралық ақпарат құралдарының ресми сайттары мен әлеуметтік желі парақшаларында тікелей көрсетіледі. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: