Бүгін шаһар басшысы Нұржан Ахатов №349 референдум учаскесіне барып, өз таңдауын жасады.
«Референдум – әрбір азаматтың мемлекеттің дамуына тікелей қатысып, өз пікірін білдіруіне мүмкіндік береді»,- деді қала әкімі.
Aйта кету керек, Қызылорда қаласындағы 126 учаскеде тұрғындарға толықтай қолайлы жағдай жасалған. Дәл осы уақытта азаматтық ұстанымын білдіргісі келетін халықтың белсенділігі жоғары.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
