Қызылорда өңірінің тұрғындары маңызды саяси науқан республикалық референдумға қатысып, өз таңдауларын жасауда. Таңсәріден учаскеге ерте келген азаматтар үшін комиссия мүшелері демеушілер есебінен арнайы сыйлықтарды үйлестірді.

Айта кетейік, аймақта 378 референдум учаскесі бар. Дауыс беру 20.00-ге дейін жалғасады. Түскі 12.00-ге дейін азаматтар үйден дауыс беруге өтініш қалдыра алады.
Өңір бойынша 492 524 тұрғын дауыс берушілер тізіміне енген.

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
