Сәрсенбі, 25 желтоқсан, 05:56

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Ресей азаматтары көлік сатып алу үшін қазақстандықтарға қосымша 350 мың теңге төлейді – БАҚ

06.09.2022

1523 0

Қазақстандық дилерлер елдегі автокөліктердің тапшылығын ресейлік азаматтардан көреді. Олар жаңа көліктердің жергілікті тұрғындардың өзіне жетпей жатқанын алға тартады. Соңғы күндері Ресей азаматтары елімізден көлік сатып алып, оны қайта сату үшін шекарадан кері тасып жатқан көрінеді. Тіпті БАҚ беттерінде ресейліктердің көлік сатып алу үшін қазақстандықтарға қосымша 350 мың теңге төлейтіні туралы ақпарат тараған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Елден шығатын көліктердің көлемін азайту үшін Қазақстандағы дилерлер шектеу енгізген: енді кейбір орталықтар ресейліктерге көлік сатпайды. Алайда ресейліктерге жергілікті халық көмекке келіп жатыр дейді қазақстандық азамат.

«OLX немесе Avito секілді сату алаңдарында Қазақстан азаматының Ресейге жөнелту үшін көлік сатып алатыны туралы жарнамалар көп кездеседі. Автосалонан көлік ол өзі сатып алып, шетелдік сатып алушымен ХҚКО-ға барып, көлікті РФ азаматының атына тіркейді. Сосын жаңа көлікті артып немесе өзі айдап Ресейге алып кетеді», – дейді Никита есімді қазақстандық.

Қазақстандықтар бұл қызметі үшін 350 мың теңге алады екен. Әдетте мұндай жарнамалардың иесіне жеке тұлғалар байланысатын көрінеді. Қазақстандық көліктер ресейлік автокөлік нарығының 10 пайызын алып жатыр, бірақ бұл әлі жеткіліксіз, дейді Favorit Motors компаниялар тобының президенті Владимир Попов.

«Егер біз Ресей нарығына Қазақстаннан келетін импорттың барлық көлемін есептейтін болсақ, онда ол айына 10-12 мыңға жетіп қалады. Бұл Ресей нарығындағы нақты сұраныстың шамамен 10% құрайды. Оның қажеттілігін Қазақстан арқылы қамтамасыз ету мүмкін емес», – деп түсіндіреді Попов.

Қазақстанда ресейліктерді өз елдерінен кеткен брендтермен қатар бағаның арзандығы да қызықтырады. Көп көліктер кепілдіксіз келеді. Нарықта жүрген мамандардың айтуынша, Қазақстаннан Ресейге көбінесе Қытай мен Корея өндірушілерінің көліктері келеді. Ал немістердің BMW немесе Audi көліктерінің үлесі мүлдем аз.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: