Бейсенбі, 26 желтоқсан, 06:42

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Ресей сенаторы «қазақ ұлты болмаған» деген тарихшының сөзіне мән бермеу керегін айтты

25.01.2024

722 0

Сурет: stan.kz

Сенат депутаты Сергей Ершов ресейлік тарихшы Михаил Смолиннің  «Қазақ деген ұлт болмаған»  деген мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Орыс тарихшысы Михаил Смолин 1917 жылғы революцияға дейін қазақ, өзбек, әзірбайжан ұлт ретінде болмағанын айтты. Бұдан кейін Ресей cыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарова бұл  мәлімдемелердің субъективті екенін және тарихи шындыққа ешқандай қатысы жоқ екенін атап өтті.

Сенат отырысында депутат Сергей Ершов ресейлік тарихшының мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді. Ол тарихтың әр кезеңде өзгеріп отырғанын нақтылады.

«Көп нәрсе өзгерді. Бірақ ресми тарих бар. Бізді, мысалы, Кеңес Одағы кезінде басқаша оқытты, қазір басқа. Ал бұл елдердің тарихы өте тереңде. Бұл жерде түріктер болған, олар бар және олар бола береді. Кімнің не айтатыны бізге маңызды емес. Сондықтан өзгенің пікіріне бұлай қарамауымыз керек. Кім не айтпай жатыр», – деді Сергей Ершов.

Сенатор Ресейге сапары барысында әріптестерінен мұндай мәлімдемелер туралы сұрапты.

«Олар мұндай пікірлерге қалыпты қарайды. “Бізде ақымақтар бар, бірақ әрқайсысының аузына қақпақ болмаймыз ғой” дейді. Ресейліктер біздің тарихымызды жақсы біледі, қазақтар ол жақта жақсы өмір сүреді, біз де, орыстар, осында жақсы тұрамыз», – деп атады депутат.

Оның айтуынша, кейбір адамдар екі ел арасына іріткі салмақ. Депутат бастысы өскелең ұрпақ пен жастар ресми тарихты біліп, сенгені абзал дейді.

«Мен 63 жыл өмір сүрдім, естімегенім жоқ. Ал әр ақымаққа жауап берсек, неміз қалады?! Сондықтан мән бермеймін. Біз мемлекет басшыларының және мемлекеттердің өздерінің ресми пікірін ұстануымыз керек деп ойлаймын», – деді Ершов.

Депутат қазақстандықтарды мұндай даулы мәлімдемелерге мән бермеуге шақырды.

Еске салайық, бұған дейін ресейлік тарихшы Михаил Смолин «Вездений» ток-шоуында 1917 жылғы революцияға дейін қазақтар да, өзбектер де ұлт ретінде болмаған деп айтқан еді. 

Ресейлік журналист Тина Канделаки да Telegram-арнасына жазба жариялап, “Қазақстан орыс тілін мемлекеттік деңгейде ығыстырып жатыр» деп айыптаған еді. Сондай-ақ ол қазақтарды «мәңгүрт» деп атап, Қаңтар оқиғасы кезінде Ресейдің көмекке келгенін еске салды. Оның осы мәлімдемелерінен кейін Канделакиге Қазақстанға кіруге тыйым салынды. 

Ресейлік режиссер Тигран Кеосаян “Қазақстан ешқашан мықты мемлекет болған емес» деп атап,  ашық қоқан-лоққы жасап, балағат сөздер айтқан болатын. Кеосаянға да Қазақстанда нон грата персонасы статусы берілді. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: