Дүйсенбі, 03 қараша, 21:55

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№83, 2195
01.11.2025
PDF мұрағаты

Республика күні – ел бірлігінің мерекесі

03.11.2025

71 0

25 қазан – Республика күніне орай “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясының Қызылорда облыстық филиалы ұжымдары бұл мерекені ерекше сән-салтанатпен атап өтті.

Облыс бойынша халыққа қызмет көрсету орталықтары өз жұмыс орындарын ұлттық нақыштағы безендіру элементтерімен көріктендіріп, қызмет алушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Мереке аясында салтанатты рәсім ұйымдастырылып, онда зейнеткерлік куәліктер, неке куәліктері және туу туралы куәліктер салтанатты түрде табысталды. Әр қызмет алушы мемлекеттік рәміздер мен ұлттық оюлармен безендірілген кеңсе ішінен мерекелік рух пен патриоттық сезімді айқын сезінді.

“Республика күні – халқымыздың егемен ел ретінде қалыптасуындағы маңызды белес. Бұл күн әр азамат үшін мақтаныш пен жауапкершілікке толы мереке. Біз өз жұмысымыз арқылы халыққа қызмет етуді, ел дамуына үлес қосуды ең үлкен парыз деп білеміз”, – деді филиал директоры Аида Абибуллаева.

Мереке күні қызметкерлер халыққа сапалы және жедел қызмет көрсетуді жалғастырып, ел тәуелсіздігін, бірлігін және азаматтық жауапкершілікті дәріптеді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: