Бүгін 25 қазан – Республика күніне орай, «Республика күні: Тарихи жады мен болашаққа бағдар» атты ғылыми-танымдық конференция өтті. Конференцияның негізгі мақсаты – елдік пен бірлікке негізделген ұлттық құндылықтарды дәріптеу, ұлт тарихындағы ерлік пен еңбектің маңызын ұрпақ санасына сіңіру және жастар арасында отансүйгіштік сезімді нығайту.
Конференцияның негізгі мақсаты – елдік пен бірлікке негізделген ұлттық құндылықтарды дәріптеу, ұлт тарихындағы ерлік пен еңбектің маңызын ұрпақ санасына сіңіру және жастар арасында отансүйгіштік сезімді нығайту.
Конференция жұмысына мемлекеттік және әскери құрылымдардың өкілдері, жоғары оқу орындарының ұстаздары мен студенттері, жас сарбаздар және қоғамдық ұйымдардың мүшелері қатысты. Шарада Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Гуманитарлық-педагогикалық институтының директоры, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Тайман Сағат Тамшыбайұлы модераторлық етті.

Шара барысында «Ерлік» үйлестіру кеңесінің төрағасы Марат Орынбайұлы, 99215 әскери бөлімінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары, майор Мұқтар Сайнұлы Алжанов, 5547 әскери бөлімінің 2 жедел мақсаттағы батальон командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары, лейтенант Қажет Мұқият Қажетұлы сөз алып, Республика күнінің тарихи мәні мен құқықтық маңызына, Қазақстанның егемен елге айналу жолындағы негізгі тарихи белестеріне тоқталып, баяндамаларын оқыды.
Спикерлер өз ойларында ел қорғаған батырлардың ерлік жолын дәріптеп, қазіргі қоғамның қаһармандары – әскери қызметкерлер, дәрігерлер, құтқарушылар мен ұстаздардың еңбегі тәуелсіз мемлекеттің басты тірегі екенін ерекше атап өтті. Конференция барысында жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру, ел тарихынан тағылым алу және рухани құндылықтарды сақтау мәселелері кеңінен талқыланды.Шара соңында қатысушылар өздерінің ұсыныс-пікірлерін ортаға салып, пікір алмасты.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!