Республика күнінің маңыздылығы неде? Қазақ елінің ежелден аңсаған арманы тәуелсіздік еді.
Тарихтың қай парағын ашсақ та бұған көз жеткізе аламыз.
Тәуелсіздік тарихы – бұл өзінің өмір сүру кезеңінде ондаған рет жойылу және толық жойылу қаупінде болған қазақ халқының тарихы! Тәуелсіздік – бұл кездейсоқ сәттілік емес, бұл – ұзақ және табанды күрес нәтижесі. Біздің ата-бабаларымыз азап пен қиыншылықты бастан өткерді, бірақ олардың күшті және мақтан тұтатын рухы құлаған жоқ. Олар ешқашан тәуелсіздікке жету жолында бір қадам кейін шегінген емес. Оларды не қозғағанын білесіз бе? Бұл жарқын болашаққа деген үміт, бостандыққа деген шексіз махаббат, ең бастысы, болашақ ұрпаққа қамқорлық. Олар бізге ашық аспан, бейбітшілік пен тыныштық сыйлады, халықтың тілін, мәдениетін, дәстүрін сақтап қалды. Біз бабалар үмітін ақтай алдық.
Халықтың бірлігі мен тұтастығының арқасында Қазақстан өз мемлекеттілігін жандандырып, экономикалық, мәдени және саяси дамуға қол жеткізді. Елімізде барлық салада реформалар жүргізілді, серпінді экономика құрылды, көптеген мемлекетпен дипломатиялық қарым-қатынас жолға қойылды. Біздің республикамыз алғашқылардың бірі болып ядролық қарудан бас тартып, бүкіл әлемге үлгі көрсетті.
Менің ойымша, мұндай саясат тек біздің елімізді нығайтады. Әрине, Қазақстанға мемлекет «құруды» бастау, дағдарыстан шығу, жұмыссыздықты еңсеру, әлемдік аренаға шығу, дамыған және бәсекеге қабілетті мемлекет болу оңай болған жоқ, бірақ еліміз осы қиындықтардың бәрінен өтті. Болашақта мен Қазақстанды экономикасы жолға қойылған, инфрақұрылымы қазіргі заманғы инновациялық технологиялар негізінде дамыған мемлекет ретінде көремін. Барлығы біздің қолымызда.
Республика күнінің маңызы жайлы, еліміздің жүрген жолы жайлы айтудың жас ұрпақ үшін тәрбиелік маңызы өте зор деп білемін. Жеке өзім таңдаған салада үздік жұмыс істеуге тырысамын, сол арқылы елімді дәріптеймін, сонымен мақтанамын.
Акбаян Сапабекова
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!