Сенбі, 25 қазан, 00:43

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№81, 2193
25.10.2025
PDF мұрағаты

Республика күніне орай бірқатар азамат марапатталды

24.10.2025

48 0

Бүгін қала әкімі Нұржан Ахатовтың төрағалығымен Республика күніне арналған салтанатты жиын өтті.

– Баршаңызды Ұлттық мерекемізбен шын жүректен құттықтаймын. Бұл күннің еліміз үшін маңызы жоғары. Ұлттық рухты оятқан, егемен ел ертеңіне сенім ұялатқан ұлттық мерекені қаламыз жарқын істермен қарсы алды. Аймақ басшысының үйлестіруімен байыпты бастамалар, лайықты жобалар қарқынды жүзеге асуда. Қазір қаламыз еліміздегі шырайлы шаһар қатарында әлеуметтік-экономикалық және мәдени-рухани дамуы жағынан биік деңгейге көтерілді. Бұл ортақ міндетке жұмылып, оны абыроймен атқара білген өңірдің берекесі, – деді шаһар басшысы Нұржан Сәбитұлы.

Жиында бірқатар азаматтар еліміздің өсіп-өркендеуіне қосқан үлесі үшін қаламыздың ең жоғары марапаты «Құрмет грамотасымен» және облыс әкімінің және қала әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды.

Салтанатты шарада мемлекеттік қызметшілер ант қабылдады. Қала әкімі оларға жүктелер міндет пен жауапкершілік жайлы айтып, еңбек жолындағы маңызды қадамдарына сәттілік тіледі.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: