Республика күні мерекесіне байланысты 25 қазан, сенбі күні барлық халыққа қызмет көрсету орталықтары мен мамандандырылған ХҚКО-лар жұмыс істемейді.
27 қазан, дүйсенбі күні кезекші ХҚКО-лар мен мамандандырылған ХҚКО-лар қызмет көрсетеді. Кезекші бөлімшелер 9:00-ден 13:00-ге дейін, ал мамандандырылған бөлімшелер 9:00-ден 12:00-ге дейін жұмыс істеп, дайын құжаттарды 13:00-ге дейін береді.
28 қазаннан бастап ХҚКО мен МХҚКО-лар қалыпты жұмыс режиміне қайта оралады.
Кезекші ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лардың тізімін Мемлекеттік корпорацияның ресми Instagram парақшасынан немесе 1414 нөмірі арқылы білуге болады.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!