Сенбі, 25 қазан, 23:06

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№81, 2193
25.10.2025
PDF мұрағаты

Республикалық асық атуда жеңімпаз көлік ұтып алды

25.10.2025

58 0

Фото: Республикалық Асық ату федерациясы

Шымкент қаласында көне ұлттық спорт түрлерінің бірі – асық ату бойынша еліміздегі ең ірі жарыс – екінші республикалық Respublica Asyq Atu турнирінің финалы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бас жүлде – жеңіл автокөлік үшін елдің барлық өңірінен келген 40 үздік ойыншы бақ сынады.

Respublica Asyq Atu турнирі спортшыларды, көрермендерді және құрметті қонақтарды біріктіріп, ұлттық рухтың нағыз мерекесіне айналды. Финалдық ойындар, концерттік бағдарлама және ұлттық спорт түрлерінен шеберлік сабақтары мыңдаған қала тұрғындары мен қонақтарды жинады.

Бүгін асық ойыны арқылы біз өзіміздің түп-тамырымызға, ұлттың рухани коды мен дәстүріне қайта ораламыз. Асық ату – барлық ұлттық спорт түрінің бастауы. Оның тарихы ғасырлар қойнауынан бастау алады және халқымыздың тұрмысымен тығыз байланысты. Бүгінгі турнир ұлттық спорттың халықтық құндылық екенін дәлелдеп отыр. Біз асық атуды тек дәстүр ретінде емес, қоғамды біріктіретін заманауи мәдени құбылыс ретінде дамытқымыз келеді. Себебі ұлттық спорт – жай ғана тренд емес. Ол – ұлттың болмысы, рухы мен патриотизмі, – деді Мәжіліс депутаты, Қазақстан Республикасы Асық ату федерациясының президенті Олжас Құспеков.

Қызу тартысты өткен финалдың қорытындысы бойынша турнир жеңімпазы атанған Ақтөбе облысынан келген Құлыбек Ғарышбек есімді спортшыға Қазақстандық Allur автомобиль компаниясы шығарған Chevrolet Onix автокөлігі табысталды.

Екінші орын иегері Түркістан облысы, Абилхан Талгар 1 000 000 теңге көлемінде сыйақы алса, үшінші орын алған Батыс-Қазақстан облысы, Сламқұл Бақдаулет 500 000 теңгемен марапатталды.

Бұдан бөлек, қатысушыларға AMANAT партиясы арнайы 300 000 теңге көлеміндегі сыйлығы Павлодар облысы, Жаздықбай Керімге тағайындады.

Жартылай финалдар мен финалдық ойындардан құралған жарыс марафоны асық ату шеберлерінің жоғары деңгейін және бұл спорт түріне деген қызығушылықтың артып келе жатқанын көрсетті.

Біздің компанияның ДНҚ-сында ұлттық құндылықтар мен жасампаздық рухы бар. асық ату турнирін қолдай отырып, біз спорт, мәдениет және шығармашылық бастамалар арқылы ұлттық сананы жаңғыртуды көздейміз. Спортшыларымыз бен қатысушыларымыз ерік-жігер мен Отанға деген сүйіспеншіліктің үлгісі боларына сенеміз, – деді турнирдің ресми серіктесі, Allur компаниясының өкілі Айгүл Ахметова.

Турнирді өткізу үшін Шымкенттің таңдалуы да кездейсоқ емес. Өткен жылы дәл осы өңірдің спортшылары жоғары нәтиже көрсетіп, бас жүлде иегері де шымкенттік болған еді. Сондықтан 2025 жылы Шымкент қаласы Respublica Asyq Atu турнирінің астанасына айналды. Бұл өңірдің ұлттық спорттың дамуына қосқан үлесін айрықша атап өтеді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: