Бейсенбі, 20 ақпан, 01:33

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№13, 2126
18.02.2025
PDF мұрағаты

Республикалық командалық айтыста Қызылорда облысының командасы жеңімпаз атанды

16.02.2025

158 0

@Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Қызылордадағы «Өнер орталығында» облыс әкімінің қолдауымен өткен «Адал еңбек – ел ырысы» атты Қызылорда және Алматы облысы ақындарының республикалық командалық айтысы қорытындыланды.

«Жұмысшы мамандықтар жылына» орай еңбек құндылықтарын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған өнер додасында айтыскерлер түре, сүре, қайым және қыз бен жігіт айтысы бойынша, жыр, терме, дәстүрлі ән және күй жанрларында сынға түсті. Түре айтыста алматылық Жәмәли Айбын мен қызылордалық Мейірбек Сұлтанхан сөз бәсекесін қыздырды. Дәстүрлі ән жанрында Бексұлтан Орынбасаров пен Ұлжан Ағлақова әуелете ән шырқаса, термешілер Ербақ Құрметжанұлы мен Күнсұлу Түрікпен текті өнердің төресін танытты. Қайым айтыста Мұхтар Ниязов қарсыласқа қиын ұйқас ұсынып, сөзден тосылмаған қос жүйрік елдің шынайы ықыласына бөленді. Аламан айтыс шамамен 6 сағатқа созылды.

Республикалық командалық айтыста Қызылорда облысының командасы жеңімпаз атанды

Қызылорда облысының командасы жеңімпаз атанып, республикалық командалық айтыстың ақтық кезеңіне жолдама алды. Сыр еліндегі өнер бәйгесінің көрігін қыздырған екі команданың мүшелеріне де қаржылай сыйлық табысталды.

@Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: