Дүйсенбі, 15 қыркүйек, 19:50

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№69,2182
13.09.2025
PDF мұрағаты

«РЭП – есірткіге қарсы!» ұранымен байқау өтті

15.09.2025

37 0

Қызылорда облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасымен облыс көлемінде оқушы, студенттер арасында «РЭП – есірткіге қарсы!» ұранымен байқау ұйымдастырылды.
Сайыстың негізгі мақсаты – жастар мен жасөспірімдердің бойында есірткі тарату мен тұтынуға қарсы тұруын дамыту, салауатты және қауіпсіз өмір салтын қалыптастыру, денсаулықты бағалау болып табылды.
Байқауға қатысушылар тақырыпқа байланысты ізденіп, нашақорлыққа қарсы рэп орындап, есірткі мәселесін кеңінен ашатың өздерінің шығарған композицияларын ұсынды.
Сайысқа қатысқан жазғы демалыс лагерлерінің барлық сайыскерлері жеңімпаз атанды. Облыс призерлары болып: Жалағаш ауданы N201 мектеп-лицей оқушысы – Нұрат Інжу және Жалағаш ауданы N203 орта мектеп оқушысы – Жақсыбай Мәриям танылды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: