Дүйсенбі, 25 қараша, 23:58

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

Рөлі оң қапталда орналасқан көліктер заңдастырыла ма – министр түсіндірді

28.09.2022

1064 0

ҚР Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов орталық коммуникациялар қызметі брифингінде Қазақстанда рөлі оң қапталда орналасқан автокөліктерді заңдастыру мәселесін қарастыру туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

2007 жылдан бастап елімізде жүргізуші орны оң жақта орналасқан автокөліктерді тіркеуге тыйым салынған.

«Рөлі оң жақта орналасқан көліктерді заңдастыру мәселесі талқылануда. Қазір Қазақстанда шамамен осындай 19 мың автокөлік түрі бар», –  деді Ахметжанов.

Сондақ-ақ ІІМ басшысы шетелдік көліктерді заңдастыру қалай өтетінін айтты. Оның айтуынша, бұл норма Еуразиялық экономикалық одақ елдері – Ресей, Армения, Қырғызстан және Беларусьтен әкелінген 300 мыңнан астам шетелдік автомобильдерге қатысты болуы мүмкін.

«Заңдастыру рәсімі барынша жеңілдетіледі. Өтінімді смартфон арқылы қашықтықтан беруге болады. Автокөлік қылмыстық және кедендік есепке алу бойынша тексеріледі. Егер автокөлік тексеруден сәтті өтсе, оның иесі мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына келіп, құжаттарды тіркеуге тапсыра алады», – деп атап өтті ІІМ басшысы.

Кедендік тазартудан өтпеген немесе 1 қыркүйектен кейін әкелінген нөмірлері бар көліктер тіркелмейді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: