Сейсенбі, 16 желтоқсан, 15:57

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№96 (2208)
16.12.2025
PDF мұрағаты

«Роскосмосқа» тиесілі 18 жүк көлігі жөндеу жұмыстары үшін Байқоңырға келді

16.12.2025

66 0

Фото: АО "ЦЭНКИ"

Байқоңыр ғарыш айлағына 31-ұшыру алаңындағы қызмет көрсету кабинасын қалпына келтіруге арналған бөлшектер мен жабдықтар тиелген 18 ірі жүк көлігі жеткізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жөндеу жұмыстарына «Роскосмос» кәсіпорындарының 130-дан астам қызметкері тартылған. Олар қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып, екі ауысыммен – таңғы 8-ден түнгі 12-ге дейін еңбек етуде.

Жұмыстардың бекітілген кестесі қатаң бақылауда екені атап өтілді.

«Кабинаға арналған құрамдас бөлшектер аумағы 13 мың шаршы метрден асатын ғимаратта орналастырылған. Қазіргі уақытта бөлшектерді өңдеу және бояу жұмыстары басталды. Дайын болған сайын олар ұшыру алаңына жеткізіледі, жабдықтың бір бөлігі қазірдің өзінде сол жерде тұр. Бөлшектерді өңдеп, бояу аяқталғаннан кейін мамандар кабинаны құрастыруға және дербес сынақтар жүргізуге кіріседі», – деп түсіндірді «Роскосмос» өкілдері.

Бұған дейін Ресейдің мемлекеттік корпорациясы соңғы ұшыру кезінде зақымданған платформаны толықтай ауыстыруды жоспарлап отырғанын мәлімдеген еді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: