Сәрсенбі, 16 қазан, 13:07

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№82-2092
15.10.2024
PDF мұрағаты

«Сәкен Сейфуллин – ақиық ақын» атты әдеби кеш өтті

14.10.2024

353 0

Жүйеге қарасты №1 кітапханада «Адал Адам» мәдени-тәрбие орталығының тұжырымдамасы «Әлем ВООК» жобасы аясында Қазақстанның қоғамдық тарихында абыройлы орын алатын, революционер – коммунист, қазақтың белгілі жазушысы, ақын, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, қазақ әдебиетінің негізін салушылардың бірі Сәкен Сейфуллиннің 130 жыл толуына орай «Сәкен Сейфуллин – ақиық ақын» атты әдеби кеші өткізілді.

Шараға Ә.Тынымбаев атындағы №11 мектеп-лицейінің 7 сынып оқушылары, «Бегімай» өнер орталығының «Көркем оқу» үйірмесі жетекшісі Ә.Тұрсын және оқушылары қатысты. Шара барысында халқымыздың аяулы ұлы, қазақ совет ақыны, жазушы, коммунистік мемлекет қайраткері, қазақ әдебиетінің өркендеуіне өзіндік үлес қосқан жерлесіміз Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылығын таныту мақсатында кітап көрмесі ұйымдастырылды. Сондай-ақ оқушылар ақынның өлеңдерінен үзінділер оқыды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: