Дүйсенбі, 07 сәуiр, 21:23

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№24, 2137
05.04.2025
PDF мұрағаты

Сәуір айының алғашқы жексенбісі – геологтар күні

07.04.2025

139 0

Сәуір айының алғашқы жексенбісі – геологтар күні. Дәстүрлі сипатқа енген бұл мерейлі дата 14 жылдан бері аталып келеді. Кен орындарының игерілуі, геологиялық зерттеулердің технологиялары мен әдістерін жетілдіруде геологтардың еңбегі ұшан-теңіз.

Айтулы мереке қарсаңында Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің «Инжинирингтік технологиялар» білім беру бағдарламасының аға оқытушысы Салтанат Аппазова геология саласынындағы жетістіктерді баяндап, БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.

– Қазіргі таңда білім беру бағдарламасы бойынша айтатын болсам, 352 білім алушы бар. Мамандық сұранысқа ие. Осы өңірдегі мұнай кен орындары, полиметаллдар бар десек, сол жұмыстарды игеруге осы мамандық ашылған. Мамандық жас болғандықтан, ғылымдағы бастамаларымыз енді бастауын алып жатыр. 2024 жылы Сәтпаев университетінде алғашқы универсиада ұйымдастырылды. Біздің білім алушыларымыз 9 жоғарғы оқу орындарының ішінде университетімізді бесінші орынға жайғастырды. Бұл – біздер үшін үлкен жетістік. Қыркүйек айында екі студентіміз халықаралық геология мектебіне барып, білімін жетілдірді. Жалпы студенттеріміз халықаралық, республикалық сайыстарда облысқа олжа салып жүр,- деді Салтанат Маратқызы.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: