Сейсенбі, 24 желтоқсан, 18:24

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

«Сәукелемді киіп ұзатыламын»: Мөлдір Әуелбекова

16.08.2023

619 0

Танымал әнші Мөлдір Әуелбекова үшінші рет тұрмысқа шығуға ниетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Өнер иесі әлеуметтік желіде оқырман сауалдарына жауап берді. Желі қолданушыларына эстрада жұлдыздарының жеке өмірі әр кез қызық. 

“Сіз сондай әдемісіз. Тұрмысқа шыққыңыз келе ме?” деген сұраққа әнші: “Рахмет! Тұрмысқа шығамын. Әуелі жақсы адамым жолықсын. Сосын сәукелемді киіп, ұзатыламын, бұйырса”, – деп жауап берді.

"Сәукелемді киіп ұзатыламын": Мөлдір Әуелбекова

Айта кетейік, әнші 2015 жылы Арыстан атты кәсіпкерге тұрмысқа шыққан. Бірақ екі жас бір жарым жылдан соң ажырасқан. Сол кезде Әуелбекова телеарнаға сұхбат беріп, ажырасқалы бері күйеуі ұлын іздемейтінін айтып, жылап жіберген болатын.

Ал 2020 жылы ол екінші рет тұрмысқа шықты. Бұл қуанышты жаңалықты да өнер иесі жеке парақшасында хабарлаған болатын. Алайда екінші күйеуінің де отбасына қиянат жасағанын айтып, 2021 жылы ажырасып кеткенін жария етті. Сол жылдың маусым айында қыз баланы дүниеге әкелді. Бүгінде әнші бір ұл, бір қыз тәрбиелеп отыр.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: