Атырауда Жеңіс саябағында 7 жасар қыздың үстіне ескерткіш құлады. Алған жарақаттары салдарынан ол ауруханада көз жұмды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Апат қатты желмен нөсер болған кезде болған. Ұлы отан соғысы ардагерлеріне орнатылған ескерткіштердің бірі желдің екпініне төтеп бере алмай, саябақта серуендеп жүрген балдырғанға құлаған.
Қыз алған жарақаттарынан облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде қайтыс болды.
Полиция бұл факт бойынша қазіргі уақытта тергеу басталғанын хабарлады. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!