Бүгін аймақ басшысының тапсырмасына сәйкес, облыс әкімінің орынбасары Бақыт Жаханов пен қала әкімі Нұржан Ахатов Президент саябағындағы абаттандыру және инфрақұрылымдық жұмыстардың барысын көрді. Аралауда мердігер мекеменің өкілі жобадағы жұмыстарды баяндады. Қазір мұнда қажетті шаралар өз деңгейінде жүзеге асырылуда.

Құрылыс алаңында болған облыс әкімінің орынбасары Бақыт Жаханов пен қала әкімі Нұржан Ахатов мердігерге жұмыстың қарқынын бәсеңдетпей, нысанды уақытында әрі сапалы аяқтау жөнінде тапсырма берді.
Естеріңізге сала кетейік, ірі жобамен қатар Сырдария өзені үстінен Президент саябағы мен Астана шағын ауданын байланыстыратын жаяу жүргіншілер көпірі салынады.




Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!