Бейсенбі, 02 қаңтар, 17:17

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№103 — 2113
31.12.2024
PDF мұрағаты

«Саяси қысымға қарамастан, қара жәшікті Бразилияға берді» – Депутат Елнұр Бейсенбаев 

30.12.2024

394 0

Сурет: facebook.com/elnur.beisenbaev

Депутат, Мәжілістегі AMANAT фракциясының жетекшісі Елнұр Бейсенбаев Ақтау түбінде болған ұшақ апаты мен оны тергеуге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy

Оның айтуынша, Ақтау қаласында құлаған Әзербайжан ұшағының апаты саясиланып, әлемдік БАҚ беттерінде көп талқыланып, түрлі пікірлер айтылған тақырыпқа айналды. Өйткені, депутаттың айтуынша, бұл апатқа Қазақстанмен шекаралас бірнеше елдің тікелей қатысы бар. Сондықтан, Бейсенбаев атап өткендей, жағдайдың күрделілігіне байланысты мемлекет басшысының тапсырмасымен арнайы Үкіметтік комиссия құрылып, апат бойынша әрбір қабылданатын шешім бұқаралық ақпарат құралдарында бүкпесіз таратылып жатыр.

«Тағы бір атап өтерлігі – тергеу амалдарына ешбір мүдделі мемлекеттер тарапынан қысымға жол берілмей, ол тек қана халықаралық талаптарға сай жан-жақты зерттелуде. Бұл – Қазақстанның мызғымас әрі нық ұстанымы. Оған дәлел – зардап шеккен мемлекеттердің саяси қысымына қарамастан, Қазақстан басшылығы Әзербайжан ұшағының қара жәшіктерін Бразилияның Әуе апаттарын тергеу және алдын алу орталығына (CENIPA) беру туралы шешім қабылдауы. Бұл – Тәуелсіз Қазақстанның дербес позициясы», – деп жазды депутат әлеуметтік желідегі парақшасында.

Оның айтуынша, бауырлас және көрші Әзербайжан, Ресей, Қырғызстан және Қазақстан елдерінің арасындағы бейтараптықты сақтау мақсатында тергеу амалдарын әлем қауымдастығының сенімін тудыратындай мақсатта жүргізу – біз үшін басты орында екенін Президентіміз нақты көрсетті.

«Өйткені әлем көз тігіп отырған осы апат бойынша тергеуді әділ және озық халықаралық стандарттарға сай жүргізу еліміздің абыройы мен беделі үшін өте маңызды. Бұл – біздің іргелі ел ретіндегі бұлжымас қағидамыз», – деді ол.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: