Бүгін Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне орай белгілі журналист, қайраткер Сағитжан Бермағанбетов атындағы дәстүрлі шағын футбол турнирі кезекті рет ұйымдастылып, өткізілуде.
Жыл сайын тұрақты түрде ұйымдастырылып келе жатқан бұл спорттық шара – өңір журналистикасының көрнекті өкіліне деген құрмет қана емес, сонымен қатар қаламгерлер арасында салауатты өмір салтын насихаттап, әріптестік байланыстарды нығайтуды көздейді.
Ашылу салтанатында Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Шахмардан Байманов сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тілеп, журналистер қауымының қоғамдағы орны мен еңбегінің маңыздылығына тоқталды.
Сонымен қатар, Сағитжан Бермағанбетовтің анасы – Меруерт Бақбергенова да сөз алып, баласының есімін ұлықтап, оның есімін есте қалдыруға арналған игі шараны ұйымдастырған азаматтарға алғыс білдірді.
Биылғы турнирге 6 команда қатысуда:
• «Қызылорда» телеарнасы
• Республикалық БАҚ-тардың меншікті тілшілері құрамасы
• «Сыр медиа» ЖШС
• «Қоғам ТВ» телеарнасы
• «Ағаш pen»
• Облыс әкімдігі командасы
Дода тартысты әрі достық атмосферада өтуде. Әр команда жеңіске деген жігерін танытып, бірлік пен ұйымшылдықтың үлгісін көрсетуде.
Жарыс соңында үздік нәтиже көрсеткен командалар мен ойыншылар түрлі номинациялар бойынша марапатталады.
Сағитжан Бермағанбетов атындағы бұл турнир – өңір журналистикасы үшін тағылымды дәстүрге айналған айтулы шара.

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!