Сейсенбі, 09 қыркүйек, 17:01

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№68, 2181
09.09.2025
PDF мұрағаты

Салық – болашаққа құйылған инвестиция

09.09.2025

97 0

Маған Жолдаудан ерекше әсер еткен тұс – Президенттің «Салықтан түскен әр теңге халықтың игілігіне жұмсалуы тиіс» деген сөзі болды. Бұл қарапайым сөйлемнің ішінде үлкен мән жатыр. Біз күнделікті жұмыс істеп, табыс тауып, салық төлейміз. Көп адам салықты тек міндет деп қабылдайды. Бірақ Президент айтып өткендей, ол міндет емес – ол халыққа қайта оралатын мүмкіндік.

Салықтан түскен қаржы – біздің балаларымыз білім алатын мектептің құрылысына, ауыл-аймақтағы жолдардың жөнделуіне, жаңа ауруханалардың ашылуына, жастарға арналған спорт алаңдарының салынуына жұмсалуы керек. Яғни, әр төлеген теңгеміз – өзіміздің болашағымызға құйылған инвестиция.

Мемлекет те өз кезегінде адал еңбек етіп, салық төлеп отырған азаматты қорғауға, қолдауға міндетті. Бұл жерде басты мақсат – халық пен билік арасындағы сенімді нығайту. Біз төлеген әр тиын елдің дамуына, халықтың тұрмысын жақсартуға бағытталса, болашағымызға деген сенім де артады.

Ақманат Төлегенова,

Қызылорда қалалық мәслихатының депутаты

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: