Сәрсенбі, 28 қаңтар, 16:30

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№7 (2219)
27.01.2026
PDF мұрағаты

Салық рулингін енгізу қажет – Мәжіліс депутаты

28.01.2026

62 0

Фото: Алматы әкімдігі

«Цифлық салық рулингі» жобасын әзірлеп, енгізу қажет. Бүгін Мәжлістің жалпы отырысында Үкімет басшысының атына сауал жолдаған депутат Магеррам Магеррамов осындай ұсыныс жасады, – деп хабарлайды KAZINFORM

– Қазақстан халық партиясының фракциясы салық рулингі жүйесін кезең-кезеңмен енгізуді ұсынып, депутаттық сауал жолдаған болатын. Аталған сауалға Үкімет Салық кодексі субъектілерге салық органдарынан ұсыным алатын көлбеу мониторинг мүмкіндігін көздейтіндігін айтып жауап берді. Демек, кәсіпкерлердің шектеулі саны салық органдарынан ұсыным ала алады. Мұның бәрі жақсы. Алайда, мұны салықтық рулинг деп тану өте қиын. Біріншіден, ең маңыздысы, бұл ұсынымдардың міндетті күші болмайды. екіншіден, субъектілердің шектеулі саны ғана бұл құқықты қолдана алады, – деді депутат.

Оның атап өтуінше, салық рулингі – бұл салық органдары үшін міндетті жоспарланған операциялар бойынша шешімдерді дер уақытында алуға мүмкіндік беретін және салық заңнамасын қолдану кезінде құқықтық айқындықты қамтамасыз ететін тетік. Бүгінде бұл институт әлемнің 120-дан астам елінде табысты жұмыс істеп тұр және салық әкімшілендірудің толысқанын білдіреді.

Осыдан орай Магеррам Магеррамов Үкіметке мынадай ұсыныстар берді:

  • цифрлық салықтық әкімшілендірудің жаңа – «Цифлық салық рулингі» ілкі жобасын әзірлеп, енгізу;
  • аталған жобаға барлық кәсіпкерлік субъектінің қол жеткізуін қамтамасыз ету;
  • өзге елдердің үлгісімен салық рулингі нәтижесі бойынша қабылданатын шешімдердің міндетті болуын қамтамасыз ету.

Таяуда Үкіметте салық реформасын енгізу барысы және бизнесті қолдау шаралары талқыланған еді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: