Жұма, 21 ақпан, 11:35

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№13, 2126
18.02.2025
PDF мұрағаты

Салық төлемеген блогерлер қылмыстық жауапкершілікке тартыла ма?

19.02.2025

201 0

Фото: Нұрболат Нұржаубай

Қаржылық мониторингі агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов миллиардтаған теңге көлемінде салық бойынша берешек туралы хабарлама алған қазақстандық блогерлерге қатысты пікір білдірді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мәжіліс дәлізінде журналистер Елемесовке «ҚМА қазақстандық блогерлерге қатысты шаралар қабылдай ма?» деген сұрақ қойылды. Өйткені кеше олар кірісін 53,3 миллиард теңгеге төмендетіп көрсеткені туралы ақпарат тарады.

«Бұл ақпаратты мен де оқыдым. Өте үлкен сома айтылған. ҚМА құқық қорғау органы саналатын экономикалық тергеу қызметінің құрамында. Уәкілетті орган тексеріс жүргізіп, тиісті акт немесе қорытынды бергеннен кейін ғана қылмыстық істі тіркей аламыз, онда мемлекетке төленбеген салықтың нақты сомасы белгіленеді», – деп түсіндірді ол.

ҚМА төрағасының орынбасарының айтуынша, салық органдары тексерісті аяқтағанға және залалдың нақты мөлшерін анықтағанға дейін ведомство қылмыстық істі өз бетінше бастай алмайды.

«Белгілі бір блогер мемлекетке келтірген залал сомасы қылмыстық заңнамада көзделген нормалардан асып кетсе, онда қылмыстық іс тіркеледі. Егер бұл шектен аспаса, онда оларды Мемлекеттік кірістер комитеті әкімшілік жауапкершілікке тартады», – деп қорытындылады Жеңіс Елемесов.

Еске салайық, бұған дейін қазақстандық блогерлерге 53 млрд теңге төлеуге бір ай уақыт берілді. Мемлекеттік кірістер комитеті мәліметінше, 594 адам кірісін жалпы сомасы 53,3 миллиард теңгеге төмендеткен. 

Енді блогерлер нақтыланған салық есебін тапсырып, салық төлеуі керек немесе 30 жұмыс күні ішінде түсініктеме беруі қажет.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: